Жоао Пауло: Чемпиондыққа таласып жатқан 4-5 команда бар, бұл турнирдің жалпы деңгейінің өскенінің белгісі
Алматылық «Қайраттың» үздік сұрмергені, ел чемпионатының жарқын футболшыларының бірі Жоао Пауло Sport+ сайтына берген сұхбатында Премьер-лигаға өз бағасын берді.
— Менің ойымша, турнирдің деңгейі артты. Соңғы турларда чемпиондыққа таласып жатқан 4-5 команда бар. Бұл ел біріншілігінің жалпы деңгейі мен ондағы бәсекелестіктің өскенінің белгісі.
Сонымен қатар, футболшы оның футзал ойындарына деген қызығушылығы мен футзалға ауысу туралы сұраққа жауап берді.
— Егер мен «Қайрат» сапында ойнасам ғана (күледі). Ия, мен футзал матчтарына барғанды ұнатамын және футзалда Игита, Эдсон және басқа да көптеген достарым бар. Мен негізінен достарымның ойындарын көруге барамын, бірақ футзал ойнау менікі емес. Мен футзал ойнауға тырысқанмын, бірақ футбол алаңында жүгіруге көбірек орын бар екенін түсіндім (күледі).