Жібек Құламбаева Хорватиядағы турнирде сенсация жасады
Загребте ITF сериясының турнирі басталды, онда қазақстандық Жібек Құламбаева қатысып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
WTA рейтингінде 499-шы орында тұрған Жібек, нидерландтық Арианна Хартононы (WTA 140) жеңіп шықты. Матчтың есебі 6:2, 2:6, 6:4.
Келесі раундта Құламбаева жапондық Химено Сакачумемен кездеседі.