logo

Жұқаев Португалиядағы турнирді сәтті бастады

Жұқаев Португалиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Оейраш (Португалия) қаласында өтіп жатқан жеке разрядтағы турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші бельгиялық спортшы Готье Онклинмен кортта кездесіп, екі сетте 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ойын екі сағат 23 минутқа созылды..

23 жасар қазақстандық спортшы АТР әлемдік рейтингінде 174-ші орында, ал бельгиялық теннисші 282-ші орында жайғасып отыр.



Күн шежіресі