logo

Теннистен әйелдер құрамасы көш бастап тұр

Теннистен әйелдер құрамасы көш бастап тұр

Шымкенттегі ұлттық теннис орталығында Asia/Oceania Final Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирінің алғашқы іріктеу жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

Ярослава Шведова бастаған әйелдер құрамасы алғашқы ойында Вьетнам командасын ойсырата ұтты, есеп 3:0.
 
Бірінші матчта Альбина Какенова қарсыласы Нгуенді 6:1, 6:1 ұтты. Ариана Гогулина болса Вудан 6:1, 6:2 басым түсті, жұптық кездесуде Альбина Какенова мен Ева Корышева Ву/Кванг дуэтінен озды, 6:0, 6:1.

Алғашқы жарыс күнінен соң «А» тобында Қазақстан көш бастап тұр, екінші орында Жапония. 14 мамыр күні біздің команданы Индонезиямен кездесу күтіп тұр. Олар бірінші матчта Жапонияға есе жіберген, 0:3.