logo
Live

Александр Бублик Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Александр Бублик Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 98-орында тұрған франциялық Артур Казодан айласын асырды.

Бублик қарсыласын 6:4, 7:6 (7:1), 6: есебімен тізе бүктірді.

Екі сағат 6 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 19 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Казо 7 эйспен шектелді.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 147-сатыдағы финляндиялық Отто Виртаненнің қай жеңгенімен шеберлік таластырады. 



Күн шежіресі