logo

Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың екінші айналымына өтті

Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың екінші айналымына өтті

Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Труа (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 591-орында тұрған швейцариялық Мика Брунолдпен үш сеттік матч өткізді.

Бірінші партияда Скатов қарсыласын 6:1 есебімен тас-талқан етсе, екіншісінде Брунолд есе қайырды – 7:6 (7:5). Дегенмен шешуші, үшінші сетте Тимофей тәжірибесі мен шеберлігінің молдығын көрсетті – 6:3. Екі сағат 25 минутқа созылған кездесу барысында қазақстандық спортшы 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Швейцариялық теннисші 3 эйс, 1 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін қос франциялық, әлемнің 341-ракеткасы Матис Эрхард немесе Максенс Риветтің қай жеңгенімен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеев Карлсруэ (Германия) челленджер додасында алғашқы айналымда-ақ рейтингіде 223-сатыдағы, 20 жастағы иорданиялық Абедалла Шелбайхтан ұтылып қалды – 2:6, 3:6.