Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге Италияның Брешиа қаласында өткен W75 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ширек финалда оларға Нурия Бранкаччио мен Франциска Жорже жұбы қарсы тұрды.
Кездесу қазақстандық-ресейлік дуэттің пайдасына 2:0 (6:2, 6:4) есебімен аяқталды.
Жартылай финалда олар Уэрго Фосса мен Васанти Шинде жұбына қарсы ойнайтын болады.