logo

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін аяқтады

Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирін аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Париждегі «Ролан Гаррос» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Александр кортта әлемнің 79-шы ракеткасы, француз теннисшісі Корентен Мутемен кездесті және төрт сетте 4:6, 2:6, 6:0, 3:6 жалпы есебімен жеңіліс тапты.

Кездесу екі сағат 56 минутқа созылды және 1/32 финал кезеңінде өтті.