logo

Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің мүшелері бас қосты

Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің мүшелері бас қосты

Жиынға Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Өзбекстан, Камбоджа, Пәкстан, Түркменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Гонконг, Иордания және Қазақстан елдерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Күн тәртібінде табысты даму үшін үш міндетті шарт: инфрақұрылымды жақсарту, бапкерлік әлеуетті арттыру және жақсы қаржыландырумен қамтамасыз ету қажеттігі талқыланды.

Азия теннис федерациясының президенті Юрий Польский мұндай жиынды өткізу үлкен құрмет екендігін жеткізді.

Директорлар кеңесінің қорытындысы бойынша Азия теннис федерациясының жаңа логотипі мен гимні бекітілді.

Сондай-ақ Азияда жасөспірімдер турнирлерінің саны көбейіп, ұйымдастырушы елдер бір-біріне арнайы шақыртулар жіберетін болды.

Сонымен қатар Қазақстан теннис федерациясының президенті, ITF вице-президенті Болат Өтемұратовқа азиялық ойыншыларды әлемдік теннис жүйесінде тіркеу үлесін арттыру есебінен Халықаралық теннис федерациясынан ATF-ға қосымша ресурстар бөлуге қолдау көрсету жөнінде өтініш жасалды.