logo

Жібек Құламбаева БАӘ-дегі турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева БАӘ-дегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева үндістандық әріптесі Анкита Райнамен бірге Дубайда өтіп жатқан ITF W100 турнирінде өнер көрсете бастады, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің бірінші кезеңінде Жібек пен Анкита үшінші нөмірлі жұп Нидерланды өкілі Арианне Хартономен және үндістандық Пратхана Тхомбаремен кездесіп, 6:3, 5:7, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық-үндістандық жұп Ұлыбритания өкілдері Джоди Беррейдж және Фрея Кристи дуэтімен ойнайды.