Теннистен әлемнің экс 1-ракеткасы допинг дауына ілікті
Теннистен әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің бес дүркін чемпионы, Польша өкілі Ига Швёнтек допинг дауына қалды, деп хабарлайды Sport +.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәлім еткеніндей, теннисшінің Азиядағы Сеул, Бейжің және Ухань турнирлеріне неге қатыспағаны белгілі болды.
АҚШ ашық чемпионатынан кейін үзіліс алған поляк спортшысы Эр-Риядтағы қорытынды турнирге ғана қатысып, онда топтан шыға алмады. Сөйтіп әлемдік рейтингіде беларусьтік Арина Соболенконы алға жіберіп, екінші орынға ығысты.
Теннис әділдігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттік (ITIA) хабарлағанындай, Ига Швёнтектен бірінші ракетка болып тұрған кезде, тамызда жарыстан тыс уақытта алынған талдау оның ағзасында тыйым салынған триметазидин бар екендігін көрсеткен.
Бұл теннисшінің уақыт белдеуін ауыстыруға байланысты ұйқыға қатысты мәселе туындағаннан кейін Польшада өндірілген мелатонинді білмей қабылдағаннан болған.