Әмір Омарханов Мексикадағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Әмір Омарханов Мексикадағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Мексиканың Мерида қаласында аяқталған ITF J500 бірінші санатындағы жасөспірімдер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

Жұптық разрядта Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге өнер көрсетіп, финалда жарыстың бірінші нөмірлі дуэті — чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Жекелей разрядта Омарханов финалға өте алмады, жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.



Күн шежіресі