logo

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын жаңартты

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын жаңартты

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Жекелей сында Жібек Құламбаева алты орынға төмендеп, 339-орынды иеленді. Зарина Дияс та екі сатыға төмендеп, 388-орынға жайғасты. Ал Юлия Путинцева (29-орын) мен Елена Рыбакина (6-орын) өз позицияларын сақтап қалды.

Жұптық рейтингке келер болсақ, Анна Данилина 22-орынға тұрақтады. Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 110-орынды иеленді.

Дегенмен, бұл тізімде жағымды өзгерістер де бар: Құламбаева өз позициясын жақсартып, бес орынға көтеріліп, 150-орынға тұрақтады. Сандуғаш Кенжібекова едәуір прогресс көрсетіп, 50 саты жоғарылап, 621-орынды иеленді.