Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Өткен аптада Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 337-ден бірден 314-орынға көтерілді.
Зарина Дияс 385-тен 383-ке ауысты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алтыншы, Юлия Путинцева 29-орнында қалды.
Жұптық сында Ю.Путинцева 111-ден 110-ға ауысса, Ж.Құламбаева 150-сатыда тұр.
Жібек Құламбаева Қазақстан құрамасы сапында 27 желтоқсан — 5 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней және Перт қалаларында өтетін United Cup турнирінде өнер көрсетеді.