Рыбакина БАӘ-де екі жеңіске қол жеткізді (видео)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан World Tennis League турнирінде екі бірдей жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Алдымен Елена француз теннисшісі Каролин Гарсиямен жұптасып, жұптық разрядта италиялық Ясмин Паолини мен румыниялық Симона Халепті 7:6 есебімен жеңді.
Содан кейін Рыбакина жалғыз разрядта Симона Халепті 6:4 есебімен ұтты.
21 желтоқсанда турнирдің үшінші жарыс күні өтеді, содан кейін финалдық матчтар ұйымдастырылады.