logo

«Жетісу» қорғаушысы «Ертіске» ауысады

«Жетісу» қорғаушысы «Ертіске» ауысады

Орталық қорғаушы Рауан Орынбасар павлодарлық «Ертістің» футболшысы атанады, деп хабарлайды Sport+.

26-жастағы Рауан Орынбасар — «Жетісудың» түлегі. Талдықорған клуб үшін ол 65 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Ертіс» Бірінші лигаға жолдама алды. Команданың бас бапкері қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов атанды.