Айымбетов өзбекстандық клубқа ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен түрік «Адана Демирспор» командасының шабуылшысы Абат Айымбетов Өзбекстанның «Бунедкорына» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Championat.asia басылымның ақпараты бойынша, ташкенттік клуб 29 жастағы қазақстандықты өз қатарында көргісі келеді. Түрік Суперлигасының ағымдағы маусымында Абат Аймбетов 12 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Қазақстан құрамасы сапында Айымбетов 44 матч өткізіп, 9 нәтижелі соққыға ие.