«Жеңіс» грекиялық маманмен келісімге келді
Акис Вавалис – «Жеңіс» футбол клубының жаңа бас бапкері, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
38 жастағы грек маманы команданың бас бапкері қызметінде Леван Коргалидзені ауыстырды.
Акис Вавалис бапкерлік мансабын 2011 жылы Грекияның Суперлигасындағы «Пансерраикос» клубының бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады. Ол мансабында Грекия Суперлигасының әртүрлі командаларында жұмыс істеп, сонымен қатар Швецияның «Васалундс» және Болгарияның «Крумовград» командаларының бас бапкері болды.
Маманның соңғы клубы Косово Суперлигасында ойнайтын «Дрита» футбол клубы болды. Акис Вавалистің басшылығымен команда чемпионатта 14 матч және УЕФА Конференция Лигасының іріктеу кезеңінде 2 ойын өткізді: 7 жеңіс, 4 тең нәтиже және 3 жеңіліс.