«Жеңіс» португалиялық ойыншымен күшейді
«Жеңіс» 26 жасар португалиялық жартылай қорғаушы Бруно Силвамен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бруно — «Брага» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. Соңғы клубы Португалияның екінші дивизионында ойнайтын «Ланк Вила-Верди» болды.
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, ойыншының трансферлік құны 275 мың еуроны құрайды. Ойыншы «Жеңіске» еркін агент ретінде қосылды.