Қазақстан жастар құрамасының бұрыңғы ойыншысы «Жеңістен» кетті
Елордалық «Жеңіс» 29 жасар қазақстандық қорғаушы Саят Жұмағалидың «Ұлытау» клубына ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Саят Жұмағали 2023 маусымының басында астаналық командаға қосылған болатын.
Қорғаушы Бірінші лигада 25 матч өткізіп, 2 гол соғып, 3 сары қағаз алды.