«Қайрат» сербиялық жартылай қорғаушыны қатарына қосты
«Қайрат» сербиялық 24 жасар жартылай қорғаушы Юг Станоевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Келісімшарт үш жылға есептелген.
Станоев — «Црвена Звезда» мектебінің түлегі. 2018-2020 жылдары Сербияның Бірінші лигасындағы «Графичар» командасында жалда ойнады. 2020 жылы Суперлигадағы ТСЦ клубына ауысып, соңғы үш маусымды сол жерде өткізді.
2023 жылы жазда Юг қазіргі «Қайрат» бапкері Александр Кержаков басқарған «Спартак» клубымен келісімшартқа отырды. Өткен маусымда барлық турнирде 32 ойын өткізіп, 1 гол және 2 голдық пас берді.
Станоев Сербияның 17 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында да ойнаған.