logo

«Жеңіс» пен «Қайрат» матчы тікелей эфирде

«Жеңіс» пен «Қайрат» матчы тікелей эфирде

9 мамыр Астанада Қазақстан Премьер-Лигасының ауыстырылған 20-тур матчы өтеді. Бұл ойында «Жеңіс» пен «Қайрат» күш байқасады, деп хабарлайды Sport+.

Команданың атауы «Жеңіс» болғанымен елордалық ұжым осы маусымда бір де бір матчта жеңіске жете алмады. Вавалис аяқдопшыларының еншісінде бес тең есеп пен қос жеңіліс бар. Бәлкім Жеңіс күні өтетін матчта бұл команда аңсаған басымдыққа қол жеткізер.

Бірақ бұл оңайға соқпайтыны анық. Қазіргі Қазақстан чемпионы осы маусымда әлі жеңіліс дәмін татпаған, осылайша турнир кестесінде көш бастап тұр. Қоржынында 6 жеңіс пен 2 тең есеп бар Уразбахтин командасы чемпиондық титулды қорғап қалу жолында сенімді келеді. Алайда алматылықтарда жарақат мәселесі туыпдап тұр — Лука Гадрани, Элдер Сантана және Жоао Пауло алаңға шықпайды. Бұл мәселе ойын нәтижесіне әсер ете ме, жоқ па, оны бүгін сағат 19:00де көреміз.

Тікелей эфир Sport+ Qazaqstan телеарнасы мен sportplustv.kz сайтында.