logo

Sport+ эфирінде кеншілер дербиі. «Екібастұз» - «Шахтер» матчын қайдан көруге болады?

Sport+ эфирінде кеншілер дербиі. «Екібастұз» - «Шахтер» матчын қайдан көруге болады?

«Екібастұз» Қазақстан Кубогында маусымды жақсы бастағанымен, чемпионатта жолы болмады. Олар 4 матчта бар болғаны екі ұпай еншіледі. «Шахтер» болса басты фаворит дәрежесін растап, тек «Ертіспен» кездесуде ұпай жоғалтты.

Дегенмен, қос кеншілер командасы да жеңісті оңайлықпен бере қоймайтыны анық.

Ең қызығы командалар 2009 жылы соңғы рет кездескен. Қазақстан Кубогының бірінші айналымында жолы түйіскен «Шахтер» мен «Екібастұз» матчында 3:1 есебімен қарағандылықтар басымдық танытқан. 

Ендігі кездесу 9 мамыр күні Жеңіс күні Екібастұзда сағат 14:00де басталады.

Матч тікелей эфирде Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және sportplus_qaz YouTube арнасында көрсетіледі.