«Жеңіс» клубы футбол орталығының екі жылдық жұмыс қорытындыларын шығарды
2024 жылғы маусымнан бастап OLIMPBET-Премьер-лигасында ойнап жүрген «Жеңіс» футбол клубы әлеуметтік желілерінде футбол орталығының екі жылдық жұмысының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Біздің футбол орталығымыз 20 баладан басталған – бүгінде олардың саны 200-ге жетті. Біз 900-ден астам баланы қамтитын 18 аула клубын аштық. Халықаралық турнирлерге қатысып, көптеген футбол фестивальдері мен балалар турнирлерін ұйымдастырдық. 2023 жылы біз ұйымдастырған аула клубтары арасындағы турнирге 1500-ден астам бала қатысты. Біз алғашқы жеңістерімізге қол жеткізіп, Қазақстан Республикасының чемпионатында алғашқы медальдарымызды иелендік. Қазан айындағы іріктеудің бірінші күніне футбол орталығымызға жазылуға 550-ден астам бала келді», - деп әлеуметтік желілердегі жазбасында клуб жетістіктерін атап өтті.
Айта кетейік, «Жеңістің» бас командасы алдағы турда «Жетісумен» кездеседі. Бұл ойынды тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan арнасынан көруге болады.