logo

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері «Мықтылар турнирін» қорытындылады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері «Мықтылар турнирін» қорытындылады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Қарағандыда өткен «Мықтылар турнирін» қорытындылады.

«Бұл турнирде финалға дейін өте керемет жекпе-жектер болды. Арасында тең нәтижеге қол жеткізген қыздар бар, бұл турнир дулығасыз өтсе де, спортшыларымыз тез үйреніп, өте керемет нәтижелер көрсетті. Кейбір салмақтарда біздің көшбасшы қыздарымыз өзінің мықтылығын дәлелдеді», - деді Сайдалин.

Маман жарыста өнер көрсеткен ресейлік қарсыластар туралы да айтып өтті.

«Біздің қыздарымызға қарсы Ресейден келген 2-3 нөмірлі боксшылар өнер көрсетті. Бұл біздің қыздар үшін жақсы тәжірибе болды»

Осы турнирде жеңіске жеткен қыздарымыз Азия чемпионатына барады.

«Әрине, Азия чемпионатына біз мықтыларды апарамыз. Бүйрегімізге тартып, бөліп жаратын боксшы жоқ. Финалдық жекпе-жектерде жарақатына байланысты өнер көрсете алмаған қыздар, қосымша турнирге қатысып, мықтыларды міндетті түрде анықтайды. Біздер ешкімнің жасына да қарамаймыз, бұл іріктеу ашық өтуде»

Сонымен қатар құраманың бас бапкері қыздар боксындағы басты мәселе туралы айтып өтті.

«Біздің қыздарға ең басты жетіспейтін – әлемдік тәжірибе. Бұл бағытта жұмыс жасап, 1, 2, 3 нөмірлі қыздарымызды шетелдік турнирлерге жібереміз деп жоспарлап отырмыз».