Алыптардың шайқасы: «Alash Pride» 128 турнирінің тікелей эфирі
28 тамыз күні Екібастұз қаласындағы «Шахтер» стадионында «Alash Pride» 128 үлкен ММА турнирі өтеді.
Басты жекпе-жекте Екібастұз қаласының тумасы Расул Хатаев өнер көрсетіп, лига чемпионы атағын UFC және PFL-дің бұрынғы жауынгері Оливейраға қарсы жекпе-жекте қорғайды.
Сондай-ақ октагонға Екібастұздың тағы бір ауыр салмақтағы өкілі Дмитрий Попов шығады. Бұдан бөлек, Қазақстан, Бразилия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген бірқатар мықты жауынгер өнер көрсетеді.
Турнир сағат 18:00–де басталады.
Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасынан көруге болады.