Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде топ жарды
Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Жәния 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанған.
Отандасымыз турнир барысында 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларынан басым түскен.