logo

Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.

Өткен аптада Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-тен бір шықты. Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді.

Көш басындағы үздік үштікте өзгеріс жоқ: Янник Синнер (Италия), Новак Джокович (Сербия) және Карлос Алькарас (Испания).