logo

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы допинг дауына қалды

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы допинг дауына қалды

Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер допинг дауына ілікті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Теннис әділдігін қамтамасыз ету жөніндегі Халықаралық агенттігінен (ITIA) таралған мәліметке қарағанда, Я.Синнер допингтен екі рет тұтылған.

Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс турнирі кезінде биылғы 10 наурызда өткізілген тест италиялық теннисшінің ағзасында спортта тыйым салынған анаболикалық стероид – клостебол бар екендігін көрсетті.

Сондай-ақ жарыстан тыс уақытта, 18 наурызда алынған талдау да Australian Open чемпионында клостебол метаболиті табылғанын паш етті.

Синнер Индиан-Уэллс додасында алған рейтингілік ұпайы мен тапқан табысынан айырылды, алайда басқалай айыпқа тартылған жоқ. Өйткені тәуелсіз трибунал оның ағзасына допинг байқаусызда түскен деп таныды.



Күн шежіресі