logo

Үстел теннисі: Олимпиададағы алғашқы қарсыласымыз белгілі болды

Үстел теннисі: Олимпиададағы алғашқы қарсыласымыз белгілі болды

Үстел теннисінен Ұлттық команданың көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы бірінші ойында чилилік атлет Николас Бургоспен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілдеде басталады. 

Ал, жарыстың 1/32 кезеңіндегі Кирилл Герасименконың алғашқы қарсыласы ITTF әлемдік рейтингінде 58-орында тұр. 

Барлығы ерлер арасында медаль үшін 67 спортшы сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Кирилл Герасименко Азиядағы спортшылар арасында ең жоғары орынды иеленіп, құрлық рейтингі арқылы лицензия жеңіп алған.

Отандасымыз осыған дейін Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиадасына қатысқан.

Герасименко 1996 жылы 18 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген. Парижде ол үстел теннисінен ел намысын жалғыз қорғайды. 



Күн шежіресі