Жан-Али Пайруз: Алдағы ойындарда бар күшімізді саламыз
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жан-Али Пайруз УЕФА Ұлттар Лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда Аустрияға қарсы өтетін матч алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+:
– Ұлттық құрамаға қосылғаныма өте қуаныштымын. Дебют жасағаныма да қатты қуаныштымын. Бұл – бала кезден бергі арманым, сол арманым қазір шындыққа айналып отыр, Аллаға шүкір. Қазір бәріміздің көңіл-күйіміз жақсы, дайындық қарқынды жүріп жатыр. Алда бізді өте маңызды екі ойын күтіп тұр. Біз бар күшімізді салып, жақсы нәтиже көрсетуге үміттенемін. Аустрия құрамасы – Еуропаның ең мықты командаларының бірі. Олар Еуропа чемпионатында өте жақсы ойнады. Дегенмен, біз еліміздің туын биік көтеру үшін барымызды саламыз.