Түркия Суперлигасының 12-турында «Фенербахче» сырт алаңда «Коджаэлиспормен» кездеседі.

Эмре Белезоғлу ыстамбұлдық клубтың бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін «Фенербахче» «Чорумды» ірі есеппен жеңген болатын. Енді команда өз алаңында сенімді өнер көрсетіп жүрген «Коджаэлиспорға» қарсы ойнайды.

Алаң иелері Суперлигадағы бес үй матчында қақпасына небәрі екі гол жіберген.

Айта кетейік, қос команда бұл кездесуге бірдей ұпаймен келіп отыр.

Матч Астана уақытымен сағат 21:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.