Ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін Түркия чемпионатының көшбасшысы әрі қазіргі чемпионы «Галатасарай» өз алаңында «Самсунспорды» қабылдайды.

Стамбұлдық клуб маусымның осы кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Команда қатарынан алты матчта жеңіске жетті. Оның төртеуі Суперлигада, екеуі Чемпиондар лигасында тіркелген. Сонымен қатар «арыстандар» ел чемпионатындағы 11 кездесудің алтауында кемінде үш голдан соққан.

Дегенмен «Самсунспордың» да фаворитті жеңген тәжірибесі бар. 2026 жылдың мамыр айында команда «Галатасарайды» 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

«Самсунспор» бұл жолы да сенсация жасай ала ма? Мұны 21 қарашада білетін боламыз.

Матч Астана уақытымен сағат 18:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.