Жалғас Жұмағұлов жанды жерінен ауыр соққы алса да, қарсыласы Маклинді ұтты
«Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 ғаламат турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов америкалық Кливленд Маклинді тізе бүктірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ақтөбелік жауынгер ұпай санымен америкалық Маклинді жеңгенімен, көрермен тартысты бәсекені көре алмады.
Соңғы бес минуттың басында америкалық Жұмағұловтың жанды жеріне қатты соққы берді. Дегенмен, үзілістен кейін қазақстандық жекпе-жекті жалғастырып, төрешілердің бірауыздан шығарған үкімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл 35 жастағы Жалғас Жұмағұловтың UFC-тен кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жегі, оның аралас жекпе-жектегі жаңа рекорды 16-9.