Жалғас Жұмағұлов: OKTAGON лигасында барлығы менің жаңа нұсқамды көрді
Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Sport+ сайтына берген эксклюзивті сұхбатында еуропалық OKTAGON лигасындағы бірінші жекпе-жегі туралы айтты.
«Жеңгеніме қуаныштымын. Бұған дейін бәрі мені кәрі деп атаған. Мен берген әудемді әрқашанда орындаймын. Барлығы Жалғастың жаңа жобасын көрді. Мен бұған дейін айтқанмын, мен — кеш ашылатын нағыз қазақтың бірімін. Мен бүгін бәріне дәлелдедім».
Сонымен қатар, Жалғас еуропалық жанкүйерлердің қолдауы туралы айтты.
«Жекпе-жек бәріне ұнады деген үміттемін. Қан төгілген текетірес болды. Соңында қарсыласымды шамалы аяп кеттім, соңына дейін ұрмадым, күресуге көшіп кеттім. Жиналған жанкүйерлер оған қолдау көрсетті, әрине. Лиганың басшыларына жекпе-жек ұнады», — деді Жұмағұлов.