Жалғас Жұмағұлов: Али Багаутдинов бес жылдан бері маған қой бережақ
UFC лигасының бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Night турнирінде бокста дебют жасады, содан кейін Sport+ сайтына берген сұхбатында өзінің алдағы жоспарлары туралы айтты.
— Бокста дебют жасадым, бұл мен үшін қиын болды. Мен үшін 4 раунд аз, үшіншісінде ғана ояна бастадым. Қалай болғанда да, бокс — бұл ауыр спорт түрі, мен үшін ММА ережелері бойынша төбелесу оңай.
— Бокста кіммен кездескің келеді?
— Көрейік, мен Али Багаутдиновқа ұсыныс жасадым. Біз онымен 2019 жылы шайқастық, сол кезден бері ол маған қой әуде еттіп, әлі бермеді.
— Сізде OKTAGON лигасымен келісімшарт бар. Келесі жекпе-жек қашан?
— Олар белбеу үшін күресетінімді айтты. Рамазаннан кейін Алланың қалауымен өнер көрсетемін.
— Қазір АСА лигасында допинг-бақылау енгізілді. Бұл лигада өзіңізді сынап көруге қызығушылық жоқ па?
— Менде OKTAGON лигасымен келісімшарт бар, сонымен қатар Fight Night лигасымен бокс ережелері бойынша өнер көрсетуге келісім бар, әзірше осы лигаларда боламын.