Зайнутдинов пен Айымбетовтің құны арзандады
Transfermarkt.com порталы Түркия Суперлигасында ойнайтын қазақстандық ойыншылардың нарықтағы құнын жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бешикташ» клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов 1 миллион еуроға арзандап, 4 миллион еуроға бағаланды.
Ал Абат Айымбетовке келсек, «Адана Демирспор» ойыншысы 100 мың еуроға арзандап, оның құны 600 мың еуроны құрады.
Айта кетейік, Айымбетов Түркия клубының сапын биылғы ақпан айында толықтырып, еркін агент ретінде «1,5+1» жүйесімен келісімшартқа қол қойды. Зайнутдинов «Бешикташқа» Мәскеудің ЦСКА клубынан 2023 жылғы жазда ауысты.