Зайнутдинов алаңға орала ма? «Эюпспор» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

21 ақпанда Түркия Суперлигасының кезекті турын «Эюпспор» мен «Бешікташ» арасындағы маңызды матч ашады. Бұл ойын еурокубок аймағына таласта шешуші рөл атқаруы мүмкін.
Арда Туран жаттықтыратын «Эюпспор» қазір төртінші орында, бірақ соңғы үш матчта жеңіссіз сериясын жалғастыруда: «Коняспор» (1:3), «Трабзонспор» (0:1), «Кайсериспор» (1:1).
Ал «Эюпспордан» небәрі 2 ұпай артта келе жатқан «Бешікташ» керісінше, Оле Гуннар Сульшер философиясын қабылдап, қатарынан үш жеңіске жетті. Қазақстандық жанкүйерлер үшін жақсы жаңалық – Бақтиер Зайнутдинов Испаниядағы емделуден кейін қатарға оралды және бұл матчқа негізгі құраммен дайындалды.
Командалар 2024 жылы екі рет кездесіп, екі жағдайда да «Бешікташ» жеңіске жетті:
Суперлигадағы алғашқы матч – 2:1
Түркия Кубогындағы кездесу – 4:0
Осы жолы қандай нәтиже болады? Жауабын 22:00-де Sport+ телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыз.