logo

«Елімай» Того құрамасының футболшысын қатарына қосты

«Елімай» Того құрамасының футболшысын қатарына қосты

Того ұлттық құрамасының орталық шабуылшысы Плакка Елімаймен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама сапында 34 ойын өткізіп, 9 гол+пас нәтижесін көрсеткен ойыншы мансабын 2011 жылы өз елінің «Агаза» клубында бастаған. 

Мансабының басым бөлігін Бельгия біріншілігінде «Льерс», «Беерсхот» сынды клубтарда өткізіп 200-ге жуық мәрте ойнаған.

2022 жылы Белорусь біріншілігіндегі «Шахтер» Солигорск клубына ауысып УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды. Араға 1 жыл салып Белорусь Суперкубогінің иегері атанды. 

2024 жылы мансабын Оңтүстік Корея клубы «Чоннам Дрэгонз» сапында өткізді.