Холанд Қазақстанмен тең ойыннан кейін ағылшын чемпионаты тарихындағы бірегей жетістіктің авторы атанды
14 қыркүйекте Ағылшын Премьер-лигасының 4-турында «Манчестер Сити» «Брентфордты» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Манчестер Сити» құрамында қос голды Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд соқты.
Осы жетістіктің арқасында «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд Ағылшын Премьер-лигасының тарихында бір маусымның төрт бастапқы матчында тоғыз гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Бұл туралы Squawka хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, Холанд Норвегия құрамасы сапында қыркүйекте Қазақстанға келіп, Игорь Шацкий қорғаған қақпаның кілтін таба алмай кетті. Матч 0:0 есебімен аяқталды.