Хижниченко «Алтайды» Премьер-лигаға сүйреп жатыр ма? «Алтай» — АKAС матчның тікелей эфирі

Өскемендік «Алтай» Бірінші лигада қатарынан бес жеңіске жетіп, жоғарғы лигаға көтерілуге үміткер атанды.
Вахид Масудов жаттықтыратын команда турнир кестесінде төртінші орында тұр және екінші орындағы «Ертістен» бір ғана ұпайға қалып келеді.
Бірінші лиганың 10-турында Сергей Хижниченко бастаған «Алтай» өз алаңында АКАС командасын қабылдайды.
Алматылық ұжым Сергей Гридиннің жетекшілігімен қазіргі уақытта турнир кестесінде алтыншы орында. Олар соңғы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, тек көшбасшылар — «Шахтер» мен «Ертістен» ғана жеңілген.
«Алтай» — АКАС матчы 20 маусым күні өтеді, басталуы 17:00–де. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube желісіндегі sportplus\_qaz арнасынан көруге болады.