Қазақстандық «Номад» хоккей клубы Италияда өтіп жатқан Құрлықтық кубоктағы өнерін сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Алаң иелерін жеңгеннен кейін Константин Пушкаревтің шәкірттері «Брашов» командасынан 5:2 есебімен басым түсті.
Қазақстандық клуб сапында Абзал Әлібек, Даниил Цыбин, Никита Ситников, Кирилл Панюков және Александр Мигунов бір-бір шайбадан соқты.
