«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы матчтарын өткізу үшін өз алаңына оралды. Елордалық команданың алғашқы қарсыласы «Адмирал» болды, деп хабарлайды Sport+.

Алаң иелері Мейсон Мореллидің күшімен есеп ашты, алайда қонақтар бірінші кезеңнің соңына қарай 2:1 есебімен алға шықты.

Екінші кезеңде Аркадий Шестаков маусымдағы алғашқы шайбасын соғып, есепті теңестірді. Ал үшінші кезеңде Всеволод Логвин матчтың басты қаһарманына айналды. Алдымен ол Пилон мен Дэйдің пасынан кейін астаналықтарды алға шығарды. Кейін бос қақпаға шайба соғып, матчтың қорытынды есебін 4:2 етіп белгіледі.

Елордалық команда келесі кездесуін 15 қарашада «Металлургке» қарсы өткізеді.