«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Авангардқа» есе жіберді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу қарсылас команданың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық клуб сапында жалғыз шайбаны Ансар Шайхмедденов соқты.
Елордалық команда келесі кездесуін 22 қарашада өз айдынында Минскінің «Динамосына» қарсы өткізеді.
