«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында «Металлургті» 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Елордалық клуб сапында Джастин Бейли хет-трик авторы атанды. Ал Чейз Приски мен Кирилл Савицкий бір-бір шайбадан соқты.
Енді Михаил Кравецтің шәкірттері сырт алаңдағы ойындар сериясында «Салават Юлаев» және «Авангард» командаларымен кездеседі.
