«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясын Уфада жергілікті «Салават Юлаевқа» қарсы кездесумен бастады, деп хабарлайды Sport+.

Матч башқұртстандық клубтың пайдасына 5:3 есебімен аяқталды. Елордалық команда сапында Ансар Шайхмедденов, Джастин Бейли және Мейсон Морелли шайба соқты.

Қазақстандық клуб келесі кездесуін «Авангардқа» қарсы өткізеді.