logo

Ханси Флик: Ямаль дайын және Суперкубокте ойнайды

Ханси Флик: Ямаль дайын және Суперкубокте ойнайды

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Ламин Ямальдың Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикке» қарсы матчта ойнау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport+.

«Ол үш-төрт рет жаттығу өткізді. Ол дайын және ойнай алады», — дейді Фликтің сөзін AS басылымы келтіреді.

Еске салсақ, 17 жастағы шабуылшы желтоқсан айының ортасында тобығынан жарақат алған еді.

Биылғы маусымда Ямаль барлық турнирлерде 21 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Испания Суперкубогының матчтарын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.