«Хан-Тәңіріндегі» нағыз триллер. «Астана» жеңіс голын 100-минутта соқты (видео)
QFL Olimpbet Қазақстан чемпионатның кейінге ауыстырылған матчында «Астана» «Хан-Тәңірі» стадионының алаңында «Атырауды» тартысты кездесуде жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Осы оң нәтиженің арқасында «Астана» ел чемпионатында көш бастады.
«Астана» құрамындағы дубль автора атанған қорғаушы Бранимир Калаица көзге түсті, тағы бір голды Назми Грипши соқты. «Атырау» сапында Игорь Стасевич пен Олжас Керімжанов қанжығаларын майлады.