«Хал қалай деп сұрай аламын»: Черчесов қазақ тілін үйрену тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйрену тәжірибесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sport+.
«Егер сен басқа елде, басқа мәдениет ортасында болсаң, ең болмағанда қарапайым фразаларды білуің керек. Қай жерде жұмыс істесем де, міндетті түрде оны үйренемін. Бұл — қалыпты жағдай. Әрине, қазақ тілінде дәріс оқып, киім ауыстыратын бөлмеде нұсқау бере алмаймын, бірақ амандасып, хал сұрай аламын. Қазір қазақ тілімен айналысуға уақыт аз. Бірақ ойыншылар мен құраманың қызметкерлері сөйлескенде, сөздердің мағынасын сұрап отырамын», — деді Черчесов «СЭ» басылымына берген сұхбатында.
Еске салсақ, Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың шілдесінде тағайындалған еді.