logo

WTA Елена Рыбакинаның Сеул турнирінен не себепті шығып қалғанын айтты

WTA Елена Рыбакинаның Сеул турнирінен не себепті шығып қалғанын айтты

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Сеулдегі турнирден не себепті шығып қалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

WTA баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы белінің жарақатына байланысты турнирге қатысудан бас тартқан. Қазіргі таңда Рыбакина бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Сеулдегі турнир 16-22 қыркүйек аралығында хард кортта өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегула.